Енді eGov неке қиылған күнді еске салып тұрады

Теги: ,
234

Мұндай құттықтау хабарламасы eGov Mobile қосымшасындағы push хабарламалары арқылы жіберіледі.

Жаңартулар қазақстандықтарға алдағы маңызды күндер туралы: туған күні, үйлену тойының мерейтойы туралы еске салуға және құжаттың аяқталу мерзімі туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Тарқатып айтқанда, еGov Mobile қосымшасындағы push хабарламалар қазақстандықтарды үйлену тойының мерейтойы туралы алдын ала хабардар етеді (хабарлама мерейтойға дейін 3 күн бұрын жіберіледі), пайдаланушының жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғаны туралы еске салады (мерзімінен 30, 15 және 5 күн бұрын) және туған күнімен құттықтайды. Хабарламаларда мәтіннен басқа, азаматтар тиісті қызметті немесе сервисті ашып, құжатқа қол қоя алатын түймелер бар.

«Бүгінгі таңда «Invisible Government» тұжырымдамасы аясында мемлекет азаматқа әртүрлі өмірлік жағдайларда өздігінен көмектеседі, қызметті өз бетінше ұсынады, оның қажеттіліктерін жабады. Қазақстандықтарға олардың өмірінің маңызды күндерін еске түсіру үшін біз eGov Mobile қосымшасында push хабарламаларын іске қостық. Сондай-ақ, олардың көмегімен біз құжат мерзімінің аяқталғанын алдын ала еске саламыз. Сонымен қатар, азаматтар белгілі бір мемлекеттік қызметтерді немесе проактивті қызметтер туралы хабарламаларды алу бойынша ұсыныстар алады», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

ЕGov Mobile қосымшасы жақын арада хабарландырулардың жаңа санаттарын қосады және әдеттегі хабарламалардан өзге ұсынылатын қызметке өту үшін батырмасы бар проактивті қызметтер қолжетімді болады.

Push хабарландыруларын мобильді қосымшада «Хабарландырулар» бөлімінде көруге болады. Егер қосымша орнатылмаған болса, бірақ бұл ретте мобильді азаматтар базасында тіркеу болса, пайдаланушыға 1414 нөмірінен қосымшаны жүктеуге сілтемеcі бар Жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар SMS жолданатын болады.
Мобильді қосымшаны iOS жүйесін пайдаланушылары App Store платформасынан, сондай-ақ Android жүйесін пайдаланушылары Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады.

Алдыңғы пост
Жетісай тұрғыны алтынға ұқсас бижутерияларды ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген
Келесі пост
Шымкенттегі Абай ауданында 23 мыңға жуық баланың құқығы қорғалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu