ХҚКО-ларда жылжымайтын мүлік бойынша қызметтер уақытша тоқтатылады

270

Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтер көрсетуге өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылатын болды. Оған «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпарат жүйесіне көшуі себеп болып отыр.

Мемлекеттік корпорация 2023 жылдың 26 сәуірі мен 9 мамыры аралығында еліміздің ХҚКО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейтінін хабарлайды. Қағаз жеткізгіштерде қызметтің орындалуы, әрі құжаттарды жеткізу мерзімінің ұзақтығына байланысты ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz-тен бұрын тоқтатылады. Айта кетейік, қызметке 26 сәуірге дейін тапсырыс берген азаматтар нәтижені көрсетілген мерзімде ала алады.

Сонымен қатар, биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.

«Жаңа жүйеге көшу мереке күндері ұйымдастырылады. Айта кетейік, ЖМБМК-ға көшу кезінде жер учаскелерін ресімдеуге байланысты кезең-кезеңімен цифрланады. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін көрсету, оның ішінде жаңа және қолданыстағы учаскелер бойынша түзету енгізу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қаупіне жол бермеу мақсатында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті ресімдеуі заңнама тұрғыда қарастырылатын болады», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 5 сәуірінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Мемлекеттік корпорация жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметті көрсетуді автоматтандыру мақсатында «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпарат жүйесін іске қосу жүріп жатыр. Ақпарат жүйесі екі дерекқордан алынған мәліметтерді қамтиды. Олар: «жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Деректер базасынан барлық ақпаратты көшіру аяқталғаннан кейін олар жойылады.

Алдыңғы пост
Шымкент әкімі: «Мектептер түгелдей жылдам интернетпен қамтылу керек»
Келесі пост
Top-5: Қазақстандағы тарихи орындар мен ескерткіштер

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu