340
Күдікті 14 жыл бойы іздеуде болған. Бұған дейін өзге мемлекетте бой тасалап келген.
Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны Алматыдағы фитнес залынан құрықтады.
Күдіктінің бет-бейнесі өзінің туған ағасына ұқсағандықтан, полиция қызметкерлеріне ол өзін бауырының есімімен таныстырған. Анықтау жұмыстарын жүргізу үшін бір мезгілде оның туған ағасы Жамбыл облысының полиция департаментіне жеткізілді.
Айта кету керек, 49 жасар азаматқа 2009 жылы Тараз қаласында тонау және бұзақылық жасағаны үшін айып тағылған болатын.