Қарағанды облысы Шахтинск қаласында суицидке оқталу дерегі тіркелді. Оқиға кеше, 1 мамыр күні сағат 14.00 шамасында орын алған. Күйеуімен ренжісіп қалған әйел 5-ші қабаттан секіріп кетпек болған. Полицияға куәгерлер хабарласқан.
Оқиға орынына патрульдік полиция взводының инспекторлары шұғыл жетіп, келіншекті райынан қайтарудың барлық амалын жасапты.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына келген полицейлер 5-ші қабаттың дәлізіндегі терезеде отырып, өмір сүргім келмейді деп айқайлағанын көрген. «Терезенің жақтауы қысқа болғандықтан, егер азаматша ыңғайсыз қозғалыс жасаса, қайғылы жағдайдың болу қауіпінің алдын ала алмас едік. Сондықтан да мен сыртта қалып, құлап кеткен жағдайда қауіптің алдын алуға дайындалып тұрдым. Ал әріптесім сатымен ішке көтеріліп, азаматшаны әңгімеге тартты. Оған бәрі жақсы болатынын, эмоцияға берілмеу керектігін айтты. Оған жақындау қиындық тудырды. Бір кезде азаматшаның қолын созуға көндіріп, кейін бірден шап беріп, ішке тартып алды»,-деді полицей Ерназ Өскенбай.
Тәртіп сақшылары аман алып қалған келіншек жолдасымен арада болған ұрыстан кейін өзіне қол салмақшы болған. Әйел азаматы психолог мамандарына тапсырылды.