319
Көкшетау қаласында салынып жатқан көпқабатты үйдің аумағында жас жігіт қайтыс болды. Оқиға бүгін, 5 сәуір сағат Әуезов көшесінде болған. Полицейлердің дерегінше, құрылыс алаңында мұнара краны құлап кеткен. Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы жұмысшы мерт болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.