Жағымсыз жағдай, Ақтөбеде орын алған. Бұл туралы 31 арна хабарлады. Яғни, көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс салушысы жертөлені химиялық заттармен толтырған. Салдарынан, екі әйел аурухана көмегіне жүгінген. Науқастардың барлығында көздің жасаурауы, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы сияқты бірдей белгілер болған.
«Батыс-2», 40-үйден қоңырау түсті. Уланудан зардап шеккендерге жедел жәрдем барды. Тексеру кезінде мұның хлор буларынан уланудың жағдайы екені анықталды. Әйелдер көпбейінді аурухананың токсикология бөліміне жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді, – деді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Мұрат Жанқұлов.
Оқиға орнында СЭС мамандары жұмыс жасап, тиісті шараларды жүргізді. Бірақ, ауадан нормадан тыс асып кету байқалмаған. Соған қарағанда, тұрғындар есік терезені ашып, тазалап алған секілді.