289
Бұл жыл басынан бергі статистикалық мәлімет. Яғни, әлеуметтік төлемді 540,8 мың отбасы алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қарашада 557,3 мың отбасыға 37,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар ие болған.
Нақтырақ тоқталатын болсақ:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.