368
Екібастұз қаласындағы “Союз” саяжай қоғамының жанындағы теміржол көпірінің астындағы Қ.Сәтбаев атындағы су каналында 1988 жылы туған қала тұрғынының мәйіті табылды. ІІМ Telegram-арнасының жазуынша, ер адам 2022 жылдың 13 қазанында жоғалып кеткен екен. Мәйітті қарау барысында зорлық пен өлімнің сыртқы белгілері байқалмаған.
Оқиға орнынан жоғалған адамның смарт-сағаты мен атынан ашылған Kaspi Gold магниттік карточкасы тәркіленді. Мәйітті әкесі таныды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процесстік шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән – жайы анықталып жатыр.