44
Канадада орман өрті ушығып тұр . Бүгінге дейін 740-тан аса өрт ошағы анықталып, 400 мың гектардан астам жер отқа оранған.
Елдің орталық аймақтарында жағдай өте күрделі. Бұл өңірлерде төтенше жағдай режимі жарияланды.
Қызыл жалынды сөндіруге жүздеген маман мен арнайы авиация жұмылдырылған. Жұмыс жалғасып жатыр. Десе де, тілсіз жау дес берер емес.
Өрттің салдарынан, атмосфераға тараған улы түтін көрші АҚШ-қа дейін жеткен. Осыған байланысты АҚШ-тың жеті штатында ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды.