Кеншілерге 55 жасында зейнетке шығады ма?

376

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесіне қашан нүкте қойылатынын айтты.

Оның сөзіне сенсек, жыл соңына дейін заң жобасын енгізуі керек. Еңбек министрлігі екі талапты айқындап отыр. Бұл шахтерлердің 55 жастан асуы және БЖЗҚ-да 7 жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасының болуы. Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өмірді сақтандыру компанияларымен бірлесіп, есептеулер жүргізіп жатыр.

“Біз бір күнкөріс шегі көлеміндегі бюджеттік өтінімді рәсімдедік. Оның 3 жылға арналған сомасы: 45 млрд теңге, яғни жылына 15 млрд теңгеден.

Мұның бәрі шахтердің зейнетақы жинағының қорына байланысты болады. Зейнетақы жарнасын аудару 84 ай бойы жүруге тиіс. Осы төлемге үміткер адамдардың саны 46 мыңға жуық. Бірақ олар екі талапқа да сәйкес келуі керек – 55 жас және 7 жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасының болуы”, – деді ведомство басшысы.

Алдыңғы пост
Түркістандық жүргізушінің 6 млн айыппұлы бар
Келесі пост
Елімізде, 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu