Кентауда оқушы қызды ер адам соққыға жықты

259

Түркістан облысы Кентау қаласында 11 жасар оқушы қызды белгісіз ер адам соққыға жыққан. Оқиға 26 сәуір күні кешкі уақытта болған. Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Instagram парақшасында жазды. Оның мәліметінше, үйінен дүкенге шыққан қызды ер кісі зорламақ болған. Оқушы айналасынан көмек сұрағанда тоқтаусыз соққыға жыққан. Алайда полиция бұл оқиғаны «Бұзақылық» бабымен тіркеген көрінеді.

«Қызға шабуыл жасаған ер адам оны зорламақ болған. Ал полиция бұл фактіні «Бұзақылық» бабымен тіркеген. Және оны босатып жіберген» деп жазды Дина Таңсәрі.

Әзірге Полиция департаментіндегілер бұл оқиға бойынша пікір білдірмеді. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар соққыға жығылған  қыздың ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілгенін айтты. Бас миының шайқалуы диагнозы қойылған науқас қазіргі таңда травматология бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайы орташа ауырлықта.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі ХҚКО қызметкерлері тұрғындарға шоколад таратты
Келесі пост
Бауыр циррозына шалдыққан 7 айлық сәбиге әкесі донор болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu