Ағымдаға жылдың 4 – қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлігіне қарасты барлық әскери бөлімдерде жаңа оқу кезеңі басталды.
Бүгін таңның атысымен «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде 2023 – жылдың қысқы оқу кезеңіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің базасында өткізілген қысқы оқу кезеңінің ашылу шарасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал – майор Абжанов Бауржан және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал – майор Арман Жумагалиев қатысып, өз сөздерінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасын және 5517 әскери бөлімінің жеке құрамын, оқу кезеңінің басталуымен құттықтап жауынгерлік дайындық пен жауынгерлік қызметтеріне табыс тіледі.
Барлық санаттағы әскери қызметшілермен екі сағаттық мемлекеттік – құқықтық дайындық сабағы өткізіліп, одан әрі әскерилердің күнделікті өздерінің міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал – майор Абжанов Бауржан өз сөзінде Ұлттық ұлан әскерлеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін, жауынгерлік даярлықтың деңгейі жоғары болуын атап өтті.