252
Күдіктінің құрығына ілінген азаматша, Шымкенттік полицейлерге арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, аз ғана уақыт таныстығы бар әйел оған оқу орындарының біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Бұл қызметін 1 млн теңгеге бағалаған.
Аталған жайтты Тұран аудандық ПБ тергеушілері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабымен тіркеді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, – делінген хабарламада.
Тексеру барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды.