Мәңгілік сапта

224

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде осыдан жеті жыл бұрын Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне жасалған лаңкестермен қарулы қақтығыс кезінде ерлікпен қаза тапқан әскерилердің рухына мәңгілік тағзым ету мақсатымен «Мәңгілік сапта» атты бір күндікАкция өтті.

Бұл күні ұландық әскери қызметшілер саптық алаңға қойылған есіл ерлердің фотолары алдында сап түзеп, қаза болған батырлардың ерліктері мен қайсарлықтарын еске алып бір минуттық үнсіздік жариялады.

Қайтыс болған есіл ердердің қайғысы олардың жақын туыстарының ғана емес, біздің, еліміздің ортақ қайғысы. Олардың табандылықпен көрсеткенерліктері ешқашан ұмытылмайды, мәңгілік жүрегімізде сақталады, өскелең ұрпақ үшін өшпес ерлік пен Отанға адалдықтың  үлгісі болып қала бермек.

Әскери қызметшілердің көрсеткен қайтпас ерліктері мен қайсарлықтарына арналған шара соңы жеке құрамның саптық шеруімен аяқталды.

Еске салайық, 2016 жылғы 5 маусым күні сағат 14.35 минутта қарулы лаңкестер тобы қару-жарақты қолға түсіріп, өздерінің қитұрқы әрекеттерін іске асыру мақсатымен Ақтөбе қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын.

6655 әскери бөлім әскери қызметшілерінің сенімді іс-әрекеттері мен табандылықтарының арқасында шабуылдаушы топтың мақсаты жүзеге аспай, олардың қылмыстық іс-әрекеттерінің жолы кесілді.

Қарулы қақтығыста алғашқы ұрысты өздеріне қабылдаған майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы Досбол Сапар жанқиярлық ерлікпен қаза тапты.

Әскери міндетін орындауда көрсеткен ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлықтары үшін майорДаниэль Майлыбаев ІІ дәрежелі «Айбын»орденімен (қайтыс болғаннан кейін), кіші сержант Берікжан Қалиев (қайтыс болғаннан кейін) және қатардағы Досбол Сапар (қайтыс болғаннан кейін) ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған болатын.

Алдыңғы пост
Шымкенттен Түркістанға есірткі тасымалдап келген әйелге сот үкімі шықты
Келесі пост
Сарыағашта ауыл тұрғыны анасы мен әпкесін ұрып-соққан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu