«Мүлдем басқаша елестеттік»: Шымкенттік оқушылар сарбаздардың өмірімен танысты

394

Шымкентте механикаландырылған бригада аумағында ерекше форматта «Ашық есік күні» патриоттық акциясы өтті. Қаладағы жалпы білім беру мекемелерінен 150-ге жуық оқушы сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігі, ас мәзірі және әскери борышты өтеуге жасалған жағдайлармен танысты.

Бақылау-өткізу пунктінде оқушыларды бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, подполковник Ренат Калидолдин қарсы алды. Ол өз сөзінде оқушыларға әскери қызметті өтеудің маңыздылығы мен Отанды қорғау әр азаматтың парызы екенін атап өтті.

«Отанды қорғау – ер-азаматтың міндеті, ал әскери қызмет әрқашан өз Отанына деген сүйіспеншілік пен борыштың ең жоғары көрінісі болып саналды», – деді подполковник Ренат Калидолдин.

Шымкент гарнизоны басасөз қызметінің мәліметінше, мектеп жасындағы балалар әскери бөлімнің аумағына кіре салысымен әскердегі өмірдің негізі «тәртіп» екенін түсініп, бірден сап түзеді.

Бүгінгі сарбаздардың өмірі қонақтарды өзінің ыңғайлы ұйымдастырылған механизмімен таң қалдырды. Мәселен, сарбаздар асханасындағы тамақтану рационының өзі олардың қызығушылығын тудырды.

«Алты адамға арналған үлкен және кең орындар қарастырылған. Әр үстелде бірнеше салат түрлері бар екен. Ас мәзіріне сәйкес, біріншіге екі түрлі, екінші екі түрлі ет және үш түрлі гарнир ұсынылған. Тәттілер, әр түрлі жемістер мен шырын сусындар да бар екен. Қалағаныңша тамақтана аласын, – деді №129 мектептің 10 сынып оқушысы Сымбат Мырзахан.

Мұнан соң оқушылар Отан қорғаушылардың демалыс орнымен танысты. Казармада – әрқашан мінсіз тәртіп. Оқушылар кереуеттердің біркелкі орнатылғанын, ал сүлгілер болса төсектің бір бетінде жинақы орналасқанына қатты таң қалды. Олар сарбаздардың күнделікті таңертеңгілік жаттығу жасайтын спорттық формасы бар екенін де алғаш естіп отыр екен.

Соңында қонақтар монша-кір жуу кешеніне барып, киімдерді жуу және өңдеу жұмыстарымен танысты.

«Әскери бөлімге келіп, сарбаздардың бір жыл бойғы өмірімен танысу біз үшін өте пайдалы болды. Шыны керек, казармадағы жағдай әлдеқайда жақсы екен. Сарбаздардың қарны тоқ, көйлегі көк. Біз әскердегі өмірді мүлдем басқаша елестеткен едік»,-деді оқушылар.

Алдыңғы пост
Шымкенттін әскери ұжымдарында “Өмірді САҚТА” бағдарламасы іске асырылуда
Келесі пост
Шілде айына дейін Шымкенттегі пәтер иелері МИБ немесе ҚС-ге ауысады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu