Мектеп оқушылары футболда төбелесіп қалды

206

Қызылордада футбол турнирі кезінде мектеп оқушылары өзара жаға жыртысты. Оқиға кеше, 13 сәуір күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде футбол алаңында орын алған. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек Қызылорда қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде.

Мән-жайларды анықтау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілген. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында жанжал туындаған спорттық турнирдің ұйымдастырушылары да полицияға жеткізілді.

Қалалық білім бөліміндегілер оқиға 9-11 сынып оқушылары арасында ұлттық мектеп лигасы кезінде орын алғанын хабарлады. Мұғалімдердің араласуымен төбелес тоқтатылған. Балалар зардап шеккен жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкенттік тұрғын 4 млн ақшасынан айырылып қалды
Келесі пост
3 жасар бүлдіршіннің өлімі бойынша бала күтуші 10 жылға сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu