“Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының 1-ші кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

412

Елімізде ырысы мен ынтымағы жарасқан, ауызбіршілігімен көпшілікке үлгі бола білген отбасыларды таныстыру мақсатында түрлі игі шаралар өткізілуде.

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Сонымен қатар отбасы – адамзат баласының қанаты, өмірге бейімделетін алғашқы баспалдағы. Яғни, адам бойындағы тәрбие алдымен отбасында қалыптасады. Тіпті, адам еліне жеріне деген сүйіспеншілігі, барлық асыл қасиеттерін отбасынан алады. Оны бойға дарыту, өз қолымызда. Сондықтан, жыл сайын дәстүрлі түрде, қаламызда «Мерейлі отбасы» байқауы өтуде. Мақсат, отбасы құндылықтарын нығайту, рухани құндылықтарды дамыту.  Осы ретте айта кету керек, отбасын сақтау, неке институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру аса маңызды. Сондықтан отбасы бірлігін – ел бірлігі ретінде қарастыра отырып, отбасылық мерекелерге аса көңіл бөлінуде. Мәселен, Шымкент қаласы Абай ауданында “Мерейлі отбасы” Ұлттық конкурсының 1-ші кезеңі өтті. Байқауда 22 отбасының арасынан үздік болып танылған 4 жеңімпаз отбасы анықталды.  Атап айтар болсақ, бірінші орында Нұрмановтар әулеті. Олар өз өнерімен көзге түсті. Ал жалпы, отбасы мүшелері, Руслан мен Жәудір Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртістері, ҚР Мәдениет саласының үздіктері.

2. Иманалиевтер әулеті – зейнеткер-ұстаз, Бозарық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, 80 жасқа келген ақсақал – журналист, 10-шақты кітаптарының авторы. Жұбайы Мариям ана Бөрібекқызы “Алтын дәрігер” медалінің, яғни бірнеше марапат иегерлері.

3. Бекмуратовтар әулеті –  спорт саласына үлесін қосып жүрген Серік Темірханұлы мен медицина саласында статист маманы Айнур Қалтайқызының отбасы.

Отбасылық ұрандары: “Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос – Өміріңді өкіндірмес осы аталған қасиет” деп ұл-қыздарына тәлім-тәрбиемен өсіруде.

4. Жақсыбаевтар әулеті –  химия-технология институтында инженер-сарапшы Ердос Тілегенұлы және жұбайы ІІ-дәрежелі кітапханашы  Халипа Әнуарбекқызы. Бұл үлгілі отбасында білімге деген құштарлықтары басым болып, ұлы Қытайда үздік оқып шыққан болса, қызы бірнеше кітаптің жас авторы.

Сонымен қатар, аудан әкімінің алғыс хатымен жоғарыда аталып өткен іс-шараға өздерін көрсете білген, жас болса да белсенділік танытып үздік көрінген 2 отбасы да марапатталды.

Барша отбасыларға алдағы уақытта өз үлестерін қосады деген ақ ниет білдіріп, марапаттарымен құттықтаймыз!

Алдыңғы пост
Шымкентте 3 мыңнан астам азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді
Келесі пост
Оқушылар сарайында үйірмелер жұмысын бастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu