Мереке күні қазақстандық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді – ІІМ

325

25 қазанда Қазақстанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев мәлімдеді. Дәл осы күні полиция адам жұрт көп жиылатын орындардағы тәртіпті бақылайды.

24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін күштер мен құралдардың есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген.

Полиция жасақтары жұрт көп жиналатын және демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар бұл орындар жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады», – деді Айдын Оразбаев ІІМ-де өткен брифингте.

Алдыңғы пост
60 жастағы азамат жасөспірімді зорлап, қамауға алынды
Келесі пост
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 9 мыңнан астам адам грант алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu