Оқушыны қаққан 18 жасар жүргізуші оқиға орнынан қашып кетткен

200

Ақтөбеде 18 жасар жүргізуші оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның жүргізуші куәлігі де болмаған.

Жол апаты түнгі сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолағында болған. Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналында жолдан  өтіп, кәмелет жасына толмаған баланы қаққан. Бірақ жүргізуші оқиға болған жерден кетіп қалған. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Зардап шеккен 17 жастағы оқушы бала дереу ауруханаға жеткізілді.

«Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жүргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан тапты. Көліктің әйнегі, бампері, капоты зақымданған. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ, жүргізуші анықталды. Ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты».

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Астанада ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр
Келесі пост
Алматыдағы түнгі клубта белгілі блогер есірткімен ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu