230

Оралда әскери борышын өтеп жүрген 2 жауынгержоғары оқу орнында тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Олармерзімді қызметте қырағылық танытып, көзге түскен. Сарбаздарға министрлік тарапынан грант сертификаты табысталды. Мұндай қолдау шарасы жастардың әскериқызметке деген ынтасын арттыруға бағытталып отыр. Тәбарак Ұлттық ұланның 5517 әскери бөліміне Алматы облысынан келген. Ол жыл бойы тәртіпті қатаң сақтап, оқу-жаттығуда да жоғары қабілетін байқатыпты. Үздік атанғансарбазға Әуе қорғанысы күштерінің институтында тегін оқумүмкіндігі берілді. Арнаулы білім алмаған 22 жастағыжауынгер үшін бұл тосынсыйдың орны бөлек.

        Былай қатты қиынға соққан жоқ негізі, бірақ үйренугеболады бәрін. Үйретті командирлер бәрін. Өзімніңборышымды өтеуге келдім әскерге. Содан кейін «оқу пунктінде» білдім мұндай мүмкіндік бар екенін. Соданкейін әрі қарай командирлерден сұрап жүріп, осындайжетістікке жеттім деп ойлаймын – дейді, сарбаз ТәбаракӘлинұр.

      Жетіп жатырмын арманыма. Осы әскерге келу арқылы, әскери бөлімімнің арқасында. Рақмет, осындай жастарғамүмкіншілік беріп жатқандарына. Жауынгерлердіңпсихологиялық және физикалық дайындығы, оқу-жаттығукезіндегі нәтижелеріне қарай әрқайсына баға қойылыпотырады. Кейін мәліметтер базасында рейтинг жасалып, цифрлық жүйе арқылы білім грантының иегерлеріанықталады. Елімізде 70 шақты жоғары оқу орныменкелісім жасалған-деді, қатардағы жауынгер ҚуанышбекМұратов. Қуаныш – Ақтөбе облысының тумасы. Бала күнінен ұшқыш болуды армандаған ол да енді дәл осы мамандық бойынша кәсіби білім алады.      


«Батыс» өңірлік қолбасшылығынан 44 сарбаз осындай жеңілдікке, оқуға мүмкіндігін алды. Осындай жеңілдіктер тағы да көп болса, жастарды әскерге шақыру барысында ынталарын оятады деп сенемін. Министрліктің мәліметінше, әскерге былтыр күзде шақырылған сарбаздар үшін 1500 грант бөлінді. Соның 700-ден астамы Қорғаныс министрлігі, 600-ден астамы Ұлттық ұлан, қалғаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің жауынгерлеріне бұйырды – деді, рота командирінің орынбасары аға лейтенант Бекасыл Тұрсынбек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed