Президент Тоқаевтың туған күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

342

17 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толады. Бұл күні елімізде қандай іс-шаралар өтеді? Көпті мазалаған сұраққа Президент баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауап берді.

«Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды» деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарланғандай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді.

Алдыңғы пост
Шымкентте 9,5 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды
Келесі пост
Найзағай, шаңды дауыл: Синоптиктер 16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu