437
Абай облысы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, психикалық ауытқуы бар 78 адамға көлік жүргізуге құқық берілгені анықталды.
“Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан, жарамды жүргізуші куәлігі бар”, – делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде.