Құрметті қала тұрғындары және қала аумағындағы қайтарымсыз грант иелері!

342

30 наурыз күні, сағат 12:00-де Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығының ұйымдастыруымен жаңа бизнес идеяларды іске асырған қайтарымсыз грант иегерлерінің көрмесі өтетінін хабарлаймыз!

Баршаңызды, өз кәсібін ашып, отбасының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік алып, қолдауға ие болғандардың жобаларымен таныс болуға шақырамыз.

Өтеусіз гранттар халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетігінің бірі.

Өтетін орны: «Көрме орталығы» Н.Назарбаев 12

Өтетін уақыты: Сағат:12:00-де

Өтетін күні: 30.03.2023ж

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ұлттық жоба аясында Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты  жұмыспен қамту орталығы 33 500 азаматты жұмыспен қамтимыз деп жоспарлаған болатын.

Үшінші мегаполистің мыңнан астам тұрғыны өз ісін ашуға және дамытуға 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтеусіз гранттар алды. Көптеген қайтарымсыз грант алуға ниеттенген жандардың  арқасында өтінімдерді бірнеше бағытта  қарауға тура келді.

Айта кетейік, кәсібін дөңгелетуге мүдделі азаматтардың  арасында  нәзік жандылар көп болды. Шымкент тұрғындары арасында ең сұранысқа ие бағыттарбар. Олар, тігіншілік, сауда, қызмет көрсету саласы. Олар, мәселен, жартылай фабрикаттарды сатуды, кондитерлік өнімдерді дайындауды, әртүрлі қолөнер бұйымдарын дайындау, сүт өнімдері шығару, сондай-ақ, балалар ойыншықтарын жасау. Сонымен қатар, бұл азаматтар өздерін ғана жұмыспен қамтып қана қоймай, өзге жандардарға да жұмыс жасауға мүмкіндік беруде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы “Бизнес Бастау” жобасы аясында бес мыңнан астам әйел оқытылды.

Бастау Бизнес жобасы бойынша оқуға қалай өтініш беруге болады?

Өтініштер онлайн режимде Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.

Өтініш беру үшін Business.enbek порталында тіркелу қажет, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ қою керек.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны gov.kz веб-сайтында қашықтықтан алуға болады:

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, өзі тіркелген халықты жұмыспен қамту орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгіне алады.

Кімдер қатыса алады:

Жұмыссыздар;

Еңбекке жарамды ерекше жандар;

Қандастар;

Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

Зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер;

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер;

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Алдыңғы пост
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды
Келесі пост
Шымкентте қандай бағдарламалар бойынша тұрғын үй алуға болады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu