471
Елімізде 2024 жылдың басынан бастап сұйытылған газ литріне 5 теңгеге қымбаттайды. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов осылай дейді. Сөзіне сүйенсек, алдағы үш жыл бойы баға әр жарты жыл сайын өспек.
«Бұл біздің газ өңдеу зауыттарымызды жаңғырту, халықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету және сұйытылған мұнай газын өндіретін кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін қажет», – деді вице-министр.