Сауда орталығындағы дау. Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Теги: , ,
325

Кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Мұндай мәлімет құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы іздестіру бөлімінде жария етілді.

Оған Астана қаласы, Есіл аудандық полиция басқармасы іздеу салып отыр. Онда спортшыға осыдан екі күн бұрын іздеу жарияланғаны туралы ақпарат жазылған және оның фотосы қоса жарияланған.

Еске салсақ, бұған дейін Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда, ойын-сауық орталығында қолында баласы бар ер адамды соққыға жығып, басы дауға қалған болатын. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Көп ұзамай боксшы болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев бұл оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен іс қозғалғанын мәлімдеді.

(Фото: ашық дереккөз)

Алдыңғы пост
Штаб отырысында инвестициялық 9 жоба ұсынылды
Келесі пост
Шымкенттік қарияны келіні сазға отырғызып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu