Сессияда қаланың бас жоспары мақұлданды

Теги:
546

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы өтті. Жиында негізінен Шымкент қаласының жаңа Бас жоспары талқыланып, ол бойынша шешім қабылданды.

Алдымен қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Жүнісбеков атқарылған жұмыстарды баяндады. Қаланың жаңа бас жоспарын дайындауда екі жыл бойы жұмыстар жүргізілген. 2035 жылға қарай қала халқы 1 млн 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру.

Сессия барысында депутаттар қаланың жол-көлік логистикасын дамыту, ғылыми-өндірістік орталықтарға арнайы жер бөлу, көгалдандыру мәселелерін талқылап, сауалдарын қойды. Депутаттар Шымкент қаласының жаңа бас жоспарын мақұлдап, дауыс берді.

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов шаһардың алдағы дамуы Бас жоспарға тікелей байланысты екенін айтты.

– Қаланың болашағын айқындайтын маңызды құжатты дайындауда көптеген талқылаулар болды. Тұрақты комиссияларда қарадық. Жол, логистика, кәріз жүйесі, инфрақұрылыммен қамту мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Бүгін депутаттармен бірлесе мақұлдадық. 2035 жылдарға қарай қала халқы 2 млн-ға жуықтайды. Соған қазірден бастап дайындалу керек, – деді қала мәслихатының төрағасы.

Осы ретте тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін қала құрылысы уақыт ағымынан қалмай жүргізілуі қажет. Бұл  бірінші кезекте баспана мәселесі. Аталған проблеманы шешу үшін қала әкімдігі 2035 жылға дейін 30 млн шаршы метр тұрғын үй салмақ. Сонда жылына 2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп отыруы қажет.

Бас жоспар енді Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданады. Үкіметтің арнайы қаулысы шыққан соң, құжат қабылданады.

Сондай-ақ, қаланың шекаралары, аумақтық даму схемалары, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау шаралары, экономикалық кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері де жіті қаралатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында қаланың көлік-логистикалық аймағын кеңейтуді, сондай-ақ бүкіл оңтүстік өңір үшін аймақтық хаб құруды тапсырған болатын.

Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтенов, қаланың болашақта даму бағытын нақтылап алу керектігін бұған дейінде айтқан болатын.

Айта кетейік, қаланың Бас жоспарын әзірлеуде тұрғын үй қорының жағдайы, халықтың орналасу тығыздығы, әлеуметтік-мәдени нысандардың орналасуы және басқа бағыттар бойынша талдау жүргізілген. Жобаны әзірлеуде инфрақұрылым нысандарының тұрғындар үшін барынша қолжетімділігі ескерілген.

Алдыңғы пост
Шымкентте су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Келесі пост
Шымкент жастары Домбыра күнін ұлан-асыр атап өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu