176
Көкшетаудағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізді деген күдікпен Тәжікстан Республикасы азаматын ұстады.
Ұстау кезінде жедел қызметкерлер дилерден салмағы 965 грамнан асатын кірпіш түріндегі целлофан пакетін тауып, тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат гашиш есірткі құралы болып шықты, ал мұндай «кірпіштің» құны 3 млн теңгеден асады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.
Ол, елімізге жұмысқа орналасу мақсатында келген екен. Десе де мақсаты өзімен бірге ала келген құны 3 млн тұратын гашиш есірткісін сату болған.