Үшінші мегаполис мектептерін мамандандырылған күзет агенттіктері күзетеді

222

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен Педагогтердің республикалық тамыз конференциясының Пленарлық отырысы өтті. Конференцияға білім беру саласындағы педагогтар, ата-аналар мен сарапшылар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру саласындағы қоғам қайраткерлері қатысты.

Пленарлық отырыста Балаларды мектепке дейінгі, мектепте тәрбиелеу және оқыту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беруді дамыту, білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету, балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын бақылау және арттыру мәселелері талқыланды.

“Педагог мәртебесі туралы” Заңды табысты іске асыру педагогтің беделін түбегейлі көтеруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мұғалімдер өз еңбектері үшін лайықты жалақы алады. Нәтижесінде, бүгінде біз мектептердің үздік түлектері мамандық таңдағанда педагогикалық бағыттағы мамандықтарға артықшылық беретінін көреміз. Бүгінгі таңда мұғалім әлемдегі ең құрметті және сонымен бірге маңызды мамандықтардың бірі болып табылады.   Мұғалімдер алғашқы білімдерін, дағдылары мен құндылықтарын қалыптастырады”, – деп атап өтті Е. Тоғжанов.

Осы жылдан бастап мектептерде тәрбие процесінде мектеп пен ата-аналардың өзара жауапкершілігіне негізделген “оқушы-мектеп-ата-ана” бірлескен жұмыс форматы енгізілуде.

Сондай-ақ, 1-сыныптан бастап “еңбек оқыту”пәні қайта енгізіледі. Сонымен қатар, осы жылдан бастап мектептерде алғаш рет 7-сыныптан бастап оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін “педагог-кәсіби бағдар беруші” пәні енгізілуде. Эксперименттік жоба ретінде мектептер жанынан жылыжай ашу көзделеді.

Кеңес барысында Ералы Тоғжанов Білім министрлігіне тапсырма берді:

– оқу пәндері бойынша педагогтердің республикалық қауымдастығын құру;

-Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында үздік педагогикалық тәжірибелермен алмасу және трансляциялау бойынша педагогтердің республикалық және облыстық конгрестерін ұйымдастыру.

– балабақшаларда, мектептер мен колледждерде тәрбие жұмысын біріздендіру мақсатында жаңа Қазақстан жастарын қалыптастыруға бағытталған білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің бірыңғай Тұжырымдамасын әзірлеу.

Премьер-Министрдің орынбасары алдағы оқу жылында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, өңірлердің әкімдіктеріне тапсырды:

– қысқа мерзімде апатты және үш ауысымды мектептерді жою;

– адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен бірлесіп Адам және Бала құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың аумақтық бөлімшелерін құруды жеделдету;

– лицензияланған ұйымдарды мектептерді күзетке тарту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

– полиция департаменттерімен бірлесіп жолдардағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Бұл жұмысқа қолданыстағы полиция инспекторларын тарту қажет.

Конференция соңында Ералы Тоғжанов жаңа оқу жылында мұғалімдерге табыс тілеп, білім саласының үздік қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы жыл соңына дейін 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Келесі пост
Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu