Үшінші мегаполисте инклюзивті білім беру мәселелері бойынша секция өтті

Теги:
327

Бүгін Шымкентте өткен конференцияда мектептерде инклюзивті білім берудің пайдасы мен тиімділігі туралы айтылды. Педагогтар, ата-аналар комитеті және мамандар ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуда кездесетін мәселелерді талқылады. Семинар барысында инклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептер арасында тәжірибе алмасу өтті.

Шымкент қаласының әдістемелік орталығы ұйымдастырған “Білімді ұлт: терең білім, еңбексүйгіштік және патриоттық қасиеттер” тамыз конференциясы аясында “инклюзивті білім беру ортасын құру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу “панельдік секциясының отырысы офлайн форматта өтті.

Шымкент білім басқармасы бұл секцияның мақсаты инклюзивті білім беруді психологиялық – педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Панельдік секция отырысына Шымкент қаласы білім басқармасының Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың басшылары мен арнайы педагогтары белсенді қатысып, өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар өз сөздерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру процесінде инклюзивті білім берудің өзекті мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Сонымен қатар, инклюзивті сыныптармен жұмыс жөніндегі мамандардың бірі Жанна Өтесінова 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатпен, инклюзивті білім беру ортасын құру, ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен БПҰ психологиялық-педагогикалық қолдауды жетілдіру жөніндегі бұйрықтармен таныстырды.

Нәтижесінде Шымкент қаласының білім басқармасына ведомстволық бағынысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың мамандары инклюзивті білім беру ортасын құру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау шеңберінде туындайтын проблемалық сұрақтарға жауап алды және жаңа оқу жылының басталуына жаңа серпінмен жолдама алды.

Алдыңғы пост
​Шымкенттік дәрігерлер кішкентай науқасқа күрделі операция жасады
Келесі пост
Шымкентте Қазақстанның дәстүрлі қолөнер фестивалі аяқталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu