Шымкент: 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады

237

Бүгін еліміз Наурызнаманың “Шаңырақ” күнін атап өтуде. Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін және өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар Шымкент қаласында да ұйымдастырылуда. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалалық перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелердің   ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлыбек Әбибұллаұлы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлына Шымкенттегі перзентханалардың жағдайы, ана мен балаға көрсетілетітін көмектер жайлы баяндады.

Басқарма басшысының  мәлімдеуінше, бүгінде  Шымкентте төрт перзентханада 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады.

Үшінші мегаполисте жыл басынан бері 4911 сәби туылса, оның 2493-і  – ұл, 2418-і – қыз баласы. Өткен жылы 31 377 бала туылған.  Қала тұрғындарының 39,4 пайызын ер балалар құрайды.

– 2023 жылы қалалық перзентханалармен және N2 ауруханаға қарасты перзентхана бөлімдері толық жабдықталып, перинаталдық көмектің 3-ші деңгейіне ауыстырылды. Нәтижесінде медициналық ұйымдарда қызмет деңгейі көтеріліп, ана мен балаға көрсетілетін көмек жақсара түсті.  Сондай-ақ медицина ұйымдарындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін 32 маман әлемнің жетекші клиникаларында тәжірибесін шыңдап келді,- дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

“Шымкент келбеті”

Алдыңғы пост
Қарағандыда ұландықтар арасында жекпе-жек сайысынан жарыс өтті…
Келесі пост
18 наурыз – Ұлттық киім күні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu