Шымкент: «қамқорлық» орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі

218

Бала — ата-ананың көз қуанышы, мемлекеттің байлығы. Қазіргі таңда, еліміздің бірден бір жетістігі болашақ ұрпақ. Сондықтан, әрбір баланың кемел келешегі мен баянды болашағы үшін көп жұмыс атқарылуы керек. Осы орайда, мемлекет тарапынан түрлі бағытта қолдау көрсетіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету сапасын жақсарту міндетін қойды. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметі бұл бағыттағы шаралар жоспарын әзірлеп, жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде балаларға арналған шағын және орташа оңалту орталықтар желісін арттыру т.б. іс-шаралар қолға алынды. Осы ретте атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік.

Бүгінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Қамқорлық” №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі болып отыр. Оңалту орталығына арнайы іссапармен Павлодар және Жамбыл облыстарының әлеуметтік сала басшылары келді.

Павлодар, Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшыларының орынбасарлары мен оңалту орталығының өкілдері сапар барысында шымкенттік әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысты. Алдағы уақытта «Қамқорлық» орталығының емдік оңалту шаралары мен әдістемелерін өз өңірлерінде жүзеге асыруды көздеп отыр.

110 орындық мекеме жартылай стационарлық негізде қызмет көрсетеді. Заманауи үлгіде жабдықталған орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген.

Балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балаларға логомассаж тағайындалды. Қызмет алушылармен сондай-ақ аптасына 2 күннен жеке жұмыс жүргізіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту шараларын жүргізеді.

Бүгінгі таңда 18 педагог «АВА – терапевтерді даярлау» курсынан, 36 педагог қызметкер «АВА – терапияға кіріспе» курсынан өтіп, сертификатпен қамтамасыз етілген

Алдыңғы пост
Шымкентте бір топ адам ерлі-зайыптыларды ұрып-соғып, тонап кеткен
Келесі пост
Модернизациядан кейін зағиптар кітапханасының оқырмандар саны 33% ға артты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu