Шымкент: мақсат айқын, міндет зор

109

Қала активімен өткен кездесуде ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Шымкент қаласының әкімі  Ғабит Сыздықбековке  маңызды міндеттер қойды.

«Бүгінде қала миллионнан астам халқы бар жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі. Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауызсумен, электр және жылу қуатымен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер», — дей келе, тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Премьер-Министр халық санының өсуі бірқатар әлеуметтік нысанға түсетін жүктемені арттыратынын атап өтті. Осыған байланысты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланып отыр.Оған қоса Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша салынып жатқан жаңа Студенттер сарайы мен Шымкент қалалық опера және балет театры құрылысының маңызына тоқталды.

Сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыру – маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта қолдағы реттеу және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ қатар ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен толықтыру қажет. Қалалық сауда-логистикалық орталықты кеңейту де осы мақсатқа жетуге ықпал етеді.

Премьер-Министр жаңа әкімге және барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кету керек, бүгінде биылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында барлық салада кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қала бюджетіне 645,2 млрд.теңге жоспарланған болса, оның 92,8 млрд.теңгесі республикалық бюджет есебінен.

Ал,өнеркәсіп өнімінің көлемі 574,1 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 100,3% құрады. Сонымен қатар,  Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында тұрмысқа қажетті ылғалды сүрткіштер, сұйық сабындар, сондай-ақ антисептик секілді тазалағыш құралдарын шығаратын зауыт құрылысы жүріп жатыр. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, аталған жоба бастапқыдан баспалдақтан маңызды сатыға өтті. Зауыт жоспарға сай биыл іске қосылып, 40 адам жұмыспен қамтылатын болады. Айта кетейік, кәсіпорын қуаттылығы жағынан жылына 6 000 тонна ылғалды майлықтар, 500 тонна антисептик, 3 000 тонна сұйық сабын, 6 000 тонна қатты сабын өндіруге қауқарлы. Тұрмысқа қолданатын тазалық бұйымдарын шығаратын бұл жобаның құны 4 900 миллион теңгені құрайды.

Алдыңғы пост
Үкімет басшысы: “Шымкенттің өнеркәсіп аймақтар құру тәжірибесі барлық өңірде қолданылады”
Келесі пост
Ғабит Сыздықбеков алғашқы жұмыс күнін тұрғындарды қабылдаудан бастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu