Шымкент мектептерінде білім беру сапасын сыртқы тәуелсіз бағалау енгізілетін болады

239

Бұл туралы ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министр орта білім беру жүйесінің мәселелеріне тоқтала отырып, орта білім берудің өзекті мәселесі – білім берудің мазмұны мен сапасы екенін атап өтті.

Оның айтуынша, орта білім беруде 2016 жылдан 2021 жылға дейін барлық мектептер жаңартылған мазмұнға көшкен. Критериалды бағалау жүйесі енгізілді.

Бұл ретте мониторингтік зерттеулер жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіруді қажет ететіндігін көрсетті. Бүгінгі таңда жұмыс топтары құрылып, жаңа мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламалары дайындалуда.

Мектептерге кезең-кезеңімен академиялық автономия ұсынылады.

“Білім беру сапасын сыртқы тәуелсіз бағалау енгізілетін болады. Мектептерді аттестаттау жүйесі репрессиялық мазмұннан диагностикалық бағытқа ауысады. Халықаралық деңгейдегі мектептерде қорытынды бағалау нәтижелерін тану бойынша жұмыс жүргізілетін болады”, – деді А. Аймағамбетов.

Мемлекет басшысы “жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді.

Оқушы орындарының тапшылығына қатысты министр ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам оқушы орны енгізілетінін, бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешетінін атап өтті.

Білім беру жүйесінде цифрландыруды енгізу мәселелері бойынша министр бірінші кезекте мектепке дейінгі білім беру мәселелеріне назар аударды.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, балабақшаларға кезек бойынша үлкен мәселе бар. Өңірлер деңгейінде кезекке қою үшін 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады, бұл кезектің қайталануына және балабақшалардағы орындардың нақты қажеттілігі туралы бірыңғай мониторинг пен деректердің болмауына әкеледі.

“Осы мәселені шешу мақсатында Орталықтандырылған деңгейде балабақшаларға бірыңғай кезек енгізілетін болады. Бұл балабақшалардағы орындарға күнделікті мониторинг жүргізуге, берілген бағыттар мен кезекке қоюға, бюджет қаражатын үнемдеуге және орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді”, — деді А.Аймағамбетов.

Оның айтуынша, әрбір педагогта аттестаттаудан өту, жұмысқа қабылдау, конкурстарға қатысу туралы ақпарат болатын цифрлық портфолио болады.

Сондай-ақ мектептерде оқулықтарды таңдау мен мониторингті цифрландыруды жүргізу жоспарлануда.

“Аттестаттар мен дипломдар QR-код бойынша цифрлық форматта берілетін болады. Әр оқушының өзіндік сандық профилі болады. Ең сұранысқа ие қызметтер EGOV және ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы көрсетілетін болады. Колледждерде білім беру бағдарламаларының бірыңғай электрондық тізілімін құрамыз, сондай-ақ студенттің бейінін қалыптастырамыз (академиялық жетістіктер, әлеуметтік GPA, құзыреттер картасы) және QR — кодты генерациялай отырып, Цифрлық дипломдар береміз”, – деді А.Аймағамбетов.

Алдыңғы пост
Шымкент балабақшаларында оқыту ойын арқылы өтеді
Келесі пост
Үшінші мегаполисте қосымша ПМПК кабинеттері пайда болуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu