Шымкент: үш жылда 792 шақырым жол жөнделді

312

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең.

Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті.

2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ал, 2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда  немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды.

2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді. Осылайша, биылғы жылдың соңына дейін қала жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу көзделген.

Айта кету керек, биыл жыл басында қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізіліген болатын. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 24 орталық магистрал көшеге ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінде Рысқұлов көшесінен Бәйдібек би даңғылына дейінгі аралықтағы орталық Дулати көшесі орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар, магистрал көшенің жол жамылғысы толық жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды. Сондай-ақ, көше бойымен жол таңбалары сызылды.

Биыл мегаполисте жалпы ұзындығы 201,7 шақырымды құрайтын 297 көше орташа жөнделеді. Қазіргі таңда жол құрылыс жұмыстары қарқынды іске асырылуда. Жыл соңына дейін атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 67,4% пайыздан 71,2% пайызға артады.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Таскен шағын ауданында 7,9 шақырымды құрайтын 16 көше орташа жөндеуден өтеді. Биыл жалпы қаламыздағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында шаһар аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып,  сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген.

Айта кетейік, бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдылық берілуде.

Алдыңғы пост
Әл-фараби кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап сақталған
Келесі пост
Шымкентте май шығаратын зауыттан өрт шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu