Шымкентте 1000-нан астам отбасы жаңа пәтер алды

Теги:
307

Жыл басынан бері 1293 отбасы үшінші мегаполисте жаңа пәтер алды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

“Шымкентте Мемлекеттік бағдарламалар аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін әртүрлі санаттағы азаматтарға 324 жалға берілетін пәтер, жұмыс істейтін жастарға 888 пәтер, кредиттік негізде 1919 пәтер беру жоспарлануда. Оның ішінде жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат “Отбасы банкі” арқылы ипотекалық негізде тұрғын үй алды. Яғни, 1047 пәтер “5-20-25” бағдарламасы бойынша, 246 пәтер “2-10-20 Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша берілді,-деп атап өтті ведомствода.

Сонымен қатар, биыл алғаш рет Qamqo аймақтық бағдарламасы іске қосылады. Бұл бағдарлама, ең алдымен, арнайы мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй кезегі санатына жатпайтын әртүрлі салалардың мамандарына арналған.

“Жаңа бағдарлама жұмыс ерекшелігі мен отбасылық жағдайына байланысты мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайтын үшінші мегаполистің тұрғындарына тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының қызметкерлері және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ филиалының қызметкерлері, сондай – ақ мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады”,-деп хабарлайды баспасөз -Шымкент қаласы әкімдігінің қызметі.

Анықтама үшін:

ҚР азаматтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары:

* Республикалық маңызы бар қалаларда кемінде үш жыл тұрақты тұру;

* соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығаруға болмайды.

“Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 67, 74-баптарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер кезектілік тәртібімен тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың пайдалануына беріледі.

Кезекке тіркелу үшін келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары жүгіне алады

• Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

• жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;

• “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;

* халықтың әлеуметтік осал топтарына: осы Заңның 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына мыналар жатады:

* Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

* 1 және 2 топтағы мүгедектер;

* мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

* Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар;

* жасы бойынша зейнеткерлер;

• оралмандар;

* экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

* мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

* толық емес отбасылар.

* мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдарға;

* жалғыз тұрғын үйі кезектілік және есепке алу тәртібімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына.

Кезекке қою үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе “Е-gov”электрондық порталы арқылы жүгінуге болады.

Алдыңғы пост
Биыл ҰБТ-ны тапсыруға екі рет мүмкіндік беріледі
Келесі пост
Сауран ауданында 12 мектеп басшысы жауапқа тартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu