Шымкентте 65 отбасы баспаналы болды

199

Шымкентте 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 65 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. 50 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15-і халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы толық емес отбасыларға, 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтарға берілді. Бұл отбасылардың барлығы үй кезегінде тұрғандар. Жаңа баспаналар 189 орамда орналасқан.

Айта кетерлігі, биыл шаһарда тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделген болатын. Қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша баспанамен қамтылды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Шымкентте «Qamqor» бағдарламасы әзірленгені туралы белгілі болды. Осы аптада қала әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» АҚ-ның төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты меморандум негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді. Сондай-ақ бұл тізімге БАҚ пен энергетика саласының қызметкерлері де еніп отыр. Аталған бағдарлама аясында берілетін үйлердің несие бойынша мөлшерлемесі – 5% (ЖТСМ 5.2% бастап), алғашқы жарна – 10%, 20 жыл мерзімге беріледі.

«Qamqor» өңірлік бағдарламасы тұрғын үй кезегіне тұруға жатпайтын, баспанасы жоқ азаматтарды пәтермен қамтуға мүмкіндік береді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Қатысушының жасы өтініш берген кездегі кезеңді қоса алғанда 63 жастан аспауы керек;

2. Үміткердің және оның отбасы мүшелерiнiң соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығындағы тұрғын үйi болмауы қажет;

3. Соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұруы шарт;

4. Шымкент қаласында таңдаған сала бойынша соңғы 12 айдан кем емес ресми жұмыс өтілі болуы тиіс;

5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Өтініштердің қашан қабылданатыны туралы мәліметтер қосымша хабарланатын болады.

Алдыңғы пост
ШҚО-да жеке үй өртеніп, зейнеткер көз жұмды
Келесі пост
«Өліп қалады деп ойламайды». Жаға жыртысқан жастардың видеосы жұртты шошытты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu