691
Шымкентте ауруханада жатқан 72 жастағы қария медициналық мекеменің үшінші қабатанынан секіріп кетті.
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні түнгі сағат 23:15 шамасында қалалық ауруханада болған. Зейнеткер 7 мамыр күні суицид жасамақ болып ауруханаға түскен екен. Оған дереу операция жасалынған. Қария 10 мамырға дейін жансақтау бөлімінде жатқан. Өз-өзіне қол салмақ болған зейнеткерге психологиялық көмек те көрсетілген. Алайда арада бірнеше күн салып қария қайта суицид жасап, 3-ші қабаттан секіріп кеткен. Басынан алған ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.