Шымкентте 9,5 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды

293

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларды қолдау мақсатында көрсетіледі. Бұл жәрдемді былтыр І-тоқсанда Шымкент қаласында 11 988 отбасы алған болатын. Отбасылық табыстың артуы, тұрғындардың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуы және жеке кәсіптерін ашуына байланысты биыл көмек алушылар 21,3 пайызға төмендеп отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама биылдан бастап монетизацияланды. Әр бүлдіршінге ақшалай 5 175 теңге төленеді.

Биыл ІІ-тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70-пайызы, яғни 31 908 теңге кедейшілік шегі деп белгіленген.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай  бойынша Қазақстанда 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген  әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

2023  жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен еліміз бойынша орта есеппен 538,3 мың отбасы жалпы сомасы 101,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқан.

Алдыңғы пост
Сарыағашта ішімдікке сылқия тойып алған ер кісі ауылдасының көлігін өртеп жіберді
Келесі пост
Президент Тоқаевтың туған күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu