372
Шымкентте қала әкімінің қаулысына сәйкес, 2023 жылдың 5 мамырында өтетін жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 мамырға ауыстырылды. Бұл күні сиреналардың дыбысын естігенде ғимараттан шығып, ашық, қауіпсіз жерге бару қажет.
Төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарын дабыл жүйесі іске қосылғанда үйден шықпас бұрын газды, суды, электр қуатын өшіруді ұмытпау керектігін ескертеді. Сонымен қатар үрейге берілмей, сабыр сақтауды сұрайды.