Шымкентте қандай бағдарламалар бойынша тұрғын үй алуға болады?

358

Шымкенттен  пәтер алар болсаңыз, мемлекет көмектеседі. Ол үшін арнайы бағдарламалар қарастырылған. 2023 жылы кімге және қандай жағдайда тұрғын үй беріледі деген сұрақпен  ELITAR.KZ ақпараттық порталының тілшісі  жауап іздеп көрді.

Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары

Биыл  тұрғын үй алуға арналған қандай бағдарламалар бар?

Қазақстандық тұрғындар үшін “Бақытты отбасы “, сонымен қатар, “7-20-25”, “5-10-20”,  бағдарламалары қолжетімді

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары (67-бап) заң шеңберінде айқындалған. Ал, біздің елімізде, мемлекеттен қалай пәтер алуға болады? Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп тану ( 69-бабы) заңында көрсетілген. Яғни, тұрғын үй кезегінде тұрған мұқтаж жандарға беріледі.  Демек, заңның 10-тарауына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру тәртiбi  бойынша жүргізіледі.

Заңнамалық құжаттар негізінде жергілікті атқарушы мекемелер  тиісті тізімдерді жасайды. Сәйкесінше, мемлекеттен тұрғын үй алу үшін есепке қою мемлекет айқындаған қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға беріледі.  Ол үшін білім деңгейі мен еңбек қызметі болуы керек. Сондай-ақ, меншік құқығында баспанасы жоқ екендігін дәлелдеп, төлем қабілеттілігін растау қажет. Бұдан бөлек, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрақты тіркеуде болуы қажет.

“Бақытты отбасы” бағдарламасы арқылы толық емес отбасы қалай баспана алуына болады? Аталмыш бағдарлама көп балалы отбасыларға, ерекше балалары бар отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, I және II топтағы мүгедектерге қолжетімді.

Айта кету керек, бұл бағдарлама бойынша жылына 2% несие қарастырылған. Бастапқы жарна құнының  10% құрайды. Несие – 20 жылға дейін беріледі.

Ал, “5-10-20 ” бағдарламасы кезекте тұрған, тұрғын үйге мұқтаж және соңғы жарты жылда отбасының әрбір мүшесіне күнкөріс деңгейі 3,7 пайыздан аспайтын азаматтар үшін арналған.

“Нұрлы жер”  бағдарламасының өзі жаңа бағыт алуда. Несие 20 жылға және  жылдық мөлшерлемесі 5% – бен беріледі. Тұрғын үй құнының 10% – алғашқы жарна ретінде енгізу қажет. Ал, “7-20-25” бағдарламасы  биылда жалғасын тауып отыр.  Оған мемлекет қазынасынан  100 млн теңге қаралып отыр.

Бағдарламаның шарттарына тоқталар болсақ, жылдық  пайызы 7%; бастапқы жарнасы  20%; ипотекалық тұрғын үй  қарыз мерзімі 25 жыл.  Ал табысы әр отбасы мүшесінің  жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейі   3,1  пайыздан асатын отбасылар “7-20-25” бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізе алады.

Бұл бағдарлама бойынша еліміздің кез-келген азаматы баспаналы болуға мүмкіндігі бар. Ол үшін ешқандай қызметақысы алынбайды.

Бағдарлама бойынша egov.kz-тің ақпаратына сәйкес баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет. Тұрақтау  мерзімі маңызды емес.  Ал, коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер адамдардың белгілі бір санаттарына беріледі. Олардың ішінде:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

Кәмелет жасына толмаған ата-анасынан айырылған балалар;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

Тұрмыс жағдайы төмен отбасылар;

Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкер болуға үміткерлер, мемлекеттік сайлаулы лауазым иегерлері бар.

“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 75-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме берiледi.

2023 жылы жас отбасылар пәтер кезегіне қалай тұра алады?

Тұрғын үй кезегіне тұрудың екі жолы бар: құжаттар топтамасын дайындау және тұрғылықты жері бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына жүгіну. ЕGov.kz. сайтынан құжаттарды онлайн рәсімдеуге болады.

Тұрғын үй комиссиясына қажетті  құжаттар топтамасын бекіту қажет:  өтініш;

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады); неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуын айғақтайтын анықтама,  балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері;

Еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама

Басқа адамдар өтініш берушінің отбасы мүшелері деп танылған жағдайларда, соңғы болып оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі ұсынылады;

өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын анықтама, әлеуметтік қорғау органының анықтамасы немесе  мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйым қызметкері, әскери қызметкер, ғарышкерлікке үміткердің, ғарышкердің жұмыс орнынан анықтамасы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген жағдайда);

Әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қоспағанда) отбасының әрбір мүшесіне жүгінгенге дейін (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезінде) соңғы он екі айдағы табыстары туралы қосымша мәліметтер береді. Тұрғын үй комиссиясы отбасының меншік құқығында тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерден алады. Кредиттік бағдарламаларға қатысуға қойылатын талаптар: ҚР азаматы, төлем қабілеттілігі;

Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы;

Он бес шаршы метр 2 -тан аз және апатты жағдайда деп танылған тұрғын үйді қоспағанда, ҚР-да меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы; тұрғын үйге мұқтаж адамды есепке қоюды растау. Әрбір бағдарлама үшін банктерде талап етілетін құжаттарды дайындау қажет. Әр бағдарламаға байланысты, құжаттарда әр түрлі болады. Айта кету керек, 2023 жылы баспаналы болу үшін жеңілдетілген көптеген бағдарламалар қарастырылған. Олардың негізгілері жоғары да атап көрсетілді. Сондықтан, табыс деңгейіне және отбасы жағдайына байланысты қолжетімді бағдарламаны таңдаңыз.

Алдыңғы пост
Құрметті қала тұрғындары және қала аумағындағы қайтарымсыз грант иелері!
Келесі пост
Биылғы мемлекеттік грант шарттарында өзгерістер бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu