Шымкентте қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүруде

213

Шымкентте ақ ұлпа түннен бастап жауып, түс ауа күшіне мінді.  Осыған орай, коммуналдық шаруашылық саласының жұмысшылары күшейтілген режимде қала көшелерін тазарту жұмыстары жүргізіп жатыр.

Алдымен қоғамдық көліктер жүретін және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелердің қарын тазалауды бастады. Бірнеше техника жұмылдырылды. Көшелерге құм себіліп, арнайы техниканың көмегімен қар күрелуде. Қазір кезде қар тазалауда коммуналдық шаруашылық қызметкерлері дамыл таппай жұмыстарын атқару үстінде. Олар жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалардың маңын тазалап,тұрғындардың жүріп-тұруына қиындық тудырмас үшін, қарқынды жұмыс атқаруда.

Қаратау ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.

Тазалық жұмыстарына «Жасыл жер» ЖШС 26 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 7 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 15 дана, Трактор 82,1 – 2 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ 53 – 4 дана, Камаз сельхозка – 3 дана, жалпы саны 320-ға жуық адам жұмылдырылды.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 410 м3 инертті зат себілді. Жағдай толық аудан әкімі аппараты мамандары мен мердігер мекеме қызметкерлерінің толық бақылауында.

Еңбекші ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.

Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 31 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 1 дана, Трактор 320 – 1 дана, Камаз сельхозка — 2 дана ,Погрузчик – 1 дана, жалпы саны 230 жуық адам жұмылдырылды.

Аталған техникалар 3 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5004 куб инертті материал бар.

Тазалық жұмыстарына 315 м3 инертті зат себілді. Аудан әкімдігі мен жауапты мердігер мекемелер қызметкерлері тарапынан тазалық жұмыстары жалғасуда және жағдай толық бақылауда.

Абай ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.

Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 31 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 2 дана, Погрузчик – 2 дана, жалпы саны 230 жуық адам жұмылдырылды.

Аталған техникалар тәулік бойынша жұмыстар атқаратын болады.

Әл-Фараби ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 33 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 7 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 11 дана, Трактор 82,1 – 7 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ 53 – 12 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Погрузчик – 1 дана, жалпы саны 185-ке жуық адам жұмылдырылды.

Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Қазіргі таңда аудан көлемінде 375 м3 инертті зат себілді.

Жағдай толық аудан әкімі аппараты мамандары мен мердігер мекеме қызметкерлерінің толық бақылауында.

Алдыңғы пост
Оралда Ұландықтар Динамо спорт қоғамын 97 жылдық мерейтойымен құттықтады
Келесі пост
Шымкентте 24 жастағы есірткі курьері ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu