Шымкентте бірінші болып дауыс берген ардагерге сыйлық берді

240

Шымкент қаласындағы №24 орта мектепте орналасқан  №142 сайлау учаскесінде таңғы сағат жетіде бірінші тыл ардагері Өркен Әбдіреев дауыс берді. Саяси додада белсенділік танытып, өз таңдауын жасаған қарияға сыйлық табыстады.

–Әркез сайлаудан қалмауға тырысамын. Еліміздің азаматы ретінде өз ұстанымым – елмен бірге маңызды науқанға белсенді қатысу. Менің замандастарымның қатары сиреді. Өмірді көрген-түйгенім көп болғандықтан ертеңгі күн қалай болады деп алаңдаймыз. Өз таңдауымды жасадым. Барлық шымкентіктерді белсенді болуға шақырамын.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында тұрғындар 512 сайлау учаскесінде таңдау жасайды. Қаламызда белсенді дауыс беру құқығына 639 663 сайлаушы ие.

«Шымкент келбеті»

Алдыңғы пост
ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ
Келесі пост
«Бұл — менің алғашқы сайлауым»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu