Шымкентте халықтың қай тобы тегін емделетін болады?

268

Үшінші мегаполистің бас дәрігері халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әкімшілік квоталар беру жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Әкімшілік квотаның бұл түрі медициналық ұйым басшылығының шешімі бойынша халықтың осал топтарынан шыққан азаматтарға ғана беріледі. Атап айтқанда, емдеудің бұл түрін он сегіз жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, көп балалы аналар, зейнеткерлер, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар алуға құқылы.

Квота шеңберінде тиісті деңгейде емдеу іс-шараларын жүргізу үшін денсаулық сақтау басқармасы және “Тараз” қоғамдық бірлестігі мемлекеттік стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың мониторингі бойынша жұмыс жүргізді, әлеуметтік қорғалмаған осал топтардың өкілдеріне бөлінген жоспарлы емдеуді жандандыру бойынша ұйым басшыларына ұсынымдар берілді.

Пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік медициналық ұйымдар ғана емес, жеке медициналық орталықтар да мониторинг жүргізетіні атап өтілді.

“Әкімшілік квотада пациенттер үшін көптеген қолайлы жағдайлар бар. Яғни, пациенттерге тексеруден өту үшін медициналық ұйымдар арасында жүрудің қажеті жоқ, олар барлық қажетті сынақтарды бір жерде тапсырып, ауруханаға түседі. Бұл ретте, халықтың әлеуметтік қорғалмаған осал топтары үшін бөлінген квоталар бойынша жоспарлы емдеуге жіберілген пациенттердің саны туралы деректер менің жеке бақылауымда болады”, – деп түйіндеді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы елімізде міндетті емес, ерікті медициналық сақтандыру жүйесін іске қосуды тапсырған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді.

“Саланы созылмалы түрде қаржыландырмау сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтердің тиісті көлемін алмауына алып келеді. Медициналық көмекті мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеттеріне жасанды бөлу жағдайдыубықтырады. Сақтандыру моделінің жоқтығын айту керек. Бұл, әрине, үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу қажет”, – деді Тоқаев.

Ол Үкіметке Денсаулық сақтау мен жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік жеке әріптестік арқылы кешенді жақсартуға ерекше назар аудару қажет.

Алдыңғы пост
Шымкентте сарбаздарға құрмет көрсетілді
Келесі пост
Шымкентте Еуразиялық Даму Банкі қаржыландыратын жобалар пайда болуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu