355
Шымкентте Рысқұлов және Шаяхметов көшелерінің қиылысынан ер адамның денесі табылды. Мәйітті күндізгі уақытта көшеде кетіп бара жатқан куәгерлер байқап, дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер қайтыс болған азаматтың 1966 жылғы ер адам екенін анықтады.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеу-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда марқұмның өлім себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.