206
№1 қалалық клиникалық аурухана базасында кезекті 221- ші бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды. Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен қондырып берді.
Айта кетейік, науқас бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған. Ол, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Қазіргі таңда, ерлі-зайыптылардың жағдайы жақсы. Үйлеріне шығарылды.