Шымкентте Ұлттық ұлан әскери қызметшілері әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

239

Басты әйелдер мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бөлім ардагерлері кеңесінің төрағасы Владимир Самарскийдің басшылығымен ардагерлер мен өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдар әйелдерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Оларға жеке құрамды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреев және 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпановтың атынан сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

«Жыл сайын Халықаралық әйелдер күні бізге адамзаттың әдемі жартысына деген жылы сезімдерін ерекше түрде білдіруге, әйелдердің біздің қоғам өмірінде атқаратын ерекше маңызды рөлін атап өтуге мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Владимир Иванович Самарский.

Айта кетейік әйелдер мерекесі қарсаңында әскерилердің адамзаттың әдемі жартысынқұттықтауы жақсы дәстүрге айналды. Әскери қызметшілер барлығы 30-ға жуық әйелді құттықтады.

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алдыңғы пост
Мерекеде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс істеу кестесі бекітілді
Келесі пост
Әскери аруларға құрмет көрсетілді…

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu