423
Шымкентте Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 360 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ардагерлер есеп шоттарына 1 242 000 теңгеден аударылады. Сондай-ақ жергілікті майдангерлерге коммуналдық қызметтер төлеміне жеңілдіктер берілген. Бұдан өзге ардагерлерге кезектен тыс санаторлық-курорттық емделуге жолдама беріледі.
Сонымен қатар мереке қарсаңында мәслихат шешіміне сай тыл ардагерлеріне 12 АЕК немесе 41 400 теңгеден төленеді.
Айта кетейік, қалада бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысының 3 ардагері және 2183 тыл ардагері, 87 279 зейнеткер тұрады.