Шымкентте полиция қызметкерлері президент Қ. Тоқаевтан көмек сұрауда

Теги: , , , ,
Шымкентте полиция қызметкерлері президент Қ. Тоқаевтан көмек сұрауда
29

Шымкентте ондаған полиция қызметкері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұрады, деп хабарлайды Elitar.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар басшыларына пара беруге мәжбүр болғанын сол үшін жұмыстан шығып қалу қаупі туғанын айтқан. Инспекторлар үндеуді әлеуметтік желі арқылы жолдаған.

Үндеуді Шымкент қаласы полиция департаменті потрулдік полиция полкінің жеке құрамы 4-рота және 8- рота инспекторлары жасаған. Үндеуді бір полиция оқып, отыздан аса полиция қолдайтынын бір ауыздан білдірген.

Инспекторлар «ішкі істер саласына жұмысқа кірген күннен бастап халықтың тыныштығы үшін күшейтілген күн тәртібінде үздіксіз қызмет атқарғанын» бірақ «рота командирлері (Қайрат) Әлімханов және (Нұрғали) Мырзалиевтің қысымымен ақша жинап отырғанын», бұл дерек бойынша «іс қозғалып, ақталмайтын негізбен қысқартылғанын» хабарлаған.

«Пандемия және Қаңтар оқиғасы кезінде халықтың тыныштығын сақтап қалуға, қиын қыстау кездері отбасымызды тастап, өмірімізді қауіп-қатерге тігіп қызмет атқардық. Сізден, бізді ішкі істер салсында қызметте қалдыруды сұранамыз. Біз елге адал қызмет етеміз деп ант етеміз!» дейді полицейлер.

Ал заңгер Айгүл Орынбек полицейлердің мұндай қадамға баруының себебі 30 жыл бойы ішкі жүйенің шірігенінің айқын көрінісі екенін айтты. Ашық айтылмаса да мәжбүрлі түрде ақша жиналатынын халық біледі. Полицияны басшылық қинаса, полиция халықты қинайды.

“Маған ашық жариялаудан қорқып, полицейлер онанимді жазатын. Мысалы, «аурухана парақшасын аштыру – 5-8 мың теңге» деген оннан аса, «демалысқа демалыс ақшасының 10 пайызын беріп шығамыз» деген елуден аса шағым түсті. Полицейдің айлық жалақысы – 150 мың теңге. Қымбатшылық олардың да қалтасына салмақ түсіріп жатыр. Олар да бұрынғыдай үндемей отыра алмайды. Кредитке байланған, отбасын асырау керек”, – дейді белсенді.

Полиция инспекторларының үндеуіне байланысты әзірге қалалық полиция департаменті қандай да бір пікір білдірмеді.

Алдыңғы пост
ШҚО-да тұрмыстық техникаға лық толы жүк көлігі өртеніп кетті
Келесі пост
Шымкентте 1 195 азамат қайтарымсыз грант алып, бизнес бастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu