Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің сержанттары “Түркістан” концерт залында құрметке ие болды. Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын кіші командирлерге алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.
Салтанатты жағдайда мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны шырқалды. Сержанттарды кәсіби мерекелерімен Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Дастан Мұхамеджанов және “Қарулы Күштер ардагерлері”республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері құттықтады.
Іс-шара барысында оқу-жауынгерлік міндеттерді сапалы орындағаны және қызметтегі жетістіктері үшін көзге түскен әскери қызметшілерге әскери атақтар беріліп, грамоталар табыс етілді. Ал Қарулы Күштердің ардагерлері әскери қызмет үздіктерін “Қазақстан патриоттары” медалімен марапаттады.
— Жауынгерлік дағды, бөлімшелердегі әскери тәртіптің жай-күйі және жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухы көбінесе сержанттардың кәсібилігіне байланысты. Олар өздерімен бірге тәуліктік нарядта қызмет ұйымдастырады және алып жүреді, әскери тәртіпті нығайту бойынша күнделікті жұмыс жүргізеді. Бұл жерде жеке үлгі, бедел, жоғары адамгершілік қасиеттер, іске жанқиярлық көзқарас, тәртіп ерекше маңызды, – деп атап өтті подполковник Дастан Мұхамеджанов.
Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды. Әскери қызметшілердің алдында мегаполисте танымал би және музыкалық ұжымдар өнер көрсетті.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі