Шымкентте тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан ер адам қаза тапты

271

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 14 желтоқсанында сағат 11-де болды. Шымкент қаласы Қызылжар шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан үй ішінен шыға алмай қалған 1994 жылғы ер адам қайтыс болды.

Оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтың электр тұрақтандырғышы немесе жылыту қазандығының жанындағы электр сымдары жанып, газ пешін балқытып, газдың ауаға тарауына себеп болуы мүмкін.

Өз кезегінде, газ қызметінің мамандары тұтынушыларды табиғи газды пайдалану кезінде тағы да өте мұқият болуға шақырады. Ол үшін:

– тұрғын үйді газға өз еркімен қосуға болмайды;

– «ҚазТрансГаз Аймақ» мамандарының келісімінсіз газбен жабдықтау схемасына өзгерістер енгізбеу керек;

– егер бөлмеде газдың иісі сезілсе, көгілдір отынды пайдаланбаңыз, газ бұрандасын жауып, терезелерді ашыңыз, 104 нөмірі арқылы мамандарды шақырыңыз.

Алдыңғы пост
Қоғамдық орында темекі шегуге қалай қарайсыз?
Келесі пост
Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu